Өскемен титан-магний комбинаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өскемен титан-магний комбинаты ААҚ – түсті металлургия кәсіпорны. 1965 жылы іске қосылған. Комбинат шығаратын сирек металл – титан авиация, ракета-космос өндірісінде, әскери-теңіз флотында, әсіресе, суасты флотында тұтынылады. Өндірістік цехтары мен қызмет ғимараттары жетілдірілген жабдықпен жарақтандырылған, технологияны өңдеу жүйелерінің жұмысы тұрақты, осы заманғы стандарттау және сертификаттау жүйелері енгізілген. Оның өнімі тек қана экспортқа бағдарланған: Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада сияқты дамыған шетелдерге шығарылады. Комбинаттың өнімін “Таймет”, “Прат енд Уитни” (мотор жасаушы) және “Боинг” (ұшақ жасаушы) сияқты беделді шетелдік фирмалар сатып алады. Кәсіпорынның халықаралық байланыстағы инвестиция әріптесі – Бельгияның “Спешиалти Метала Компани” фирмасы.

Қазіргі таңда «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ әлемнің жеті титан өндірушілердің бірі, оған бүкіл өнімдердің 20% -ы тиісті. 1994жылдан бастап метал толығымен дамыған шетелдерге экспортталады. Негізгі бөлімі ракета-космос өндірісінде(50%), одан кейін химиялық, биомедициналық, спорттық және зергерлік өнеркәсіптерінде қолданылады. Комбинат сапалы титан шығаратын тәуелсіз, интегралды зауыттардың бірі, ал букіл әлемде мұндай кәсіпорындар өте аз.

Тіпті Қазақстанның ең қиын уақыттарында да ТМК ААҚ ғылыми қоғамдармен бірге байланыс үзген жоқ, бұл біріншіден техникалардың дамуына, екіншіден ұзақ уақыттық бағдарламалардың құрылып, титан-магний индустриясының дамуына әсер етті.

Кәсіпорында жұмысшылардың, олардың жанұяларының, ардагерлердің қауіпсіздігі үшін де шаралар қолданылған. Оларға профилактикалық емге, арзан тағамға арнайы талондар беріледі. Мұнда 2медпункт, 4асхана және 2буфет, спорт комплексі және балшықпен емделу қызметі де бар. Жыл сайын жұмыскерлердің спартакиядалары болады. Осындай бағдарлама оларға күш беріп, сонымен қатар өнімнің сапасын да жаксартады.

Өскемен титан-магний комбинаты- түсті металлургияның ірі кəсіпорны.1965 жылдың 27 наурызында комбинаттың бірінші кезегі, ал 1966 жылдың 26 наурызында екінші кезегі іске қосылды. Кəсіпорынның 3 негізгі жəне 13 көмекші цехы бар. Негізгі өнімдері: кеуекті титан, магний, калий тыңайтқышы. Өндіріс қалдықтарынан ванадийдің бес тотығы, скандий тотығы, гипохлорит пульпі алынады. Кəсіпорынның іргетасы 1952 жылы қалана бастады. Біраздан соң алғаш тəжірибе цехы іске қосылып, титан кеуегін өндірудің технологиясы сынақтан өтті. Негізгі цехтарға арналып тəжірибелі жұмысшылар даярланды.1963 жылы кеуекті титан, ал 2 жылдан соң магний өнімі алынды. 1966-1970 жылдарда қосалқы материалдардың шығынын болғызбай өнім өндіру, титан жəне магний айыру жөнінде жобалық қуат игерілді. Комбинаттың цехтары мен қызмет коллективтерінің шығармашылық еңбектері нəтижесінде титан хлораторы қалыпқа келтіру жəне тұндыру пештері мен бірқатар агрегаттарда еңбек өнімділігі артты. Комбинат еліміздегі тектес кəсіпорындардың тəжірибесіне қуатты магний электролиздерін, титан жəне карналлит хлораторларын қалыпқа келтіру, дистилляция аппараттарын енгізді.Комбинат қысқа мерзім ішінде өндірістік қуаттарды жедел меңгерді. 1971-1975 жылдары комбинат ағы өндірістік процесстерді автоматтандыру мег механикаландыру іске асырыла бастады. Ғылыми-техникалық прогресті жедел қарқынмен дамытуда өндіріс өнімділігін онан əрі арттыру міндеттерін жүзеге асыруға инженер-техник қызметкерлеріне ерекше роль жүктелді.Өндіріске 5 мыңрационализаторлық және 36 өнертабыстық ұсынысенгізілді. 1967 жылы комбинатқа октябрь революциясының 50 жылдығы атағы берілді, ал 1971 жылы титан мен магний өндірудегі және жңа технологиялық процестерді өндіріске енгізудегі жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, комбинат шығаратын сирек металл- титан авиация, ракета-космос өндірісінде, әскери теңіз флотында, әсіресе, суасты флотында тұтынылады.Оның өнімі тек экспортқа бағытталған: Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания,АҚШ, Канада сияқты елдерге шығарылады.Комбинаттың өнімін "Таймет", "Прат енд уитни"(мотор жасаушы), және "Боинг"(ұшақ жасаушы) сияқт беделді компаниялар сатып алады.кәсіпорынның халықараық байланыстағы инвестиция әріптесі- Бельгияның "Спешиалти Метала Компани "фирмасы. 1993 жылы қыркүйек айында бұрын мемлекеттік кәсіпорын болып келген комбинат енді акционерлік қоғамға айналды."Өскемен титан-магний комбинаты холдингі" құрылды. Өскемен титан-магний комбинатының ұжымы "Үздік әлеуметтік жоба" номинациясына Бағдат Шаяхметов атындағы медициналық орталыққа ұсынылып, "Парыз 2013" жобасының бас жүлдесін жеңіп алды.=== Дереккөздер ===

http://hh.kz/employer/848394

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D0%BA%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D1%82%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D0%BC%D0%B0%D0%B3%D0%BD%D0%B8%D0%B9_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%8B

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}