Өскемен конденсатор зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өскемен Конденсатор Зауыты– электрлендіру саласының кәсіпорны. 1959 жылы сәуірде іске қосылған. Қуат конденсаторларын, жиынтықты конденсатор қондырғыларын, халық тұтынатын тауарлар (электр каминдерін, электр духовкалары мен пештерін) өндіреді.. 1960 жылы синтетикалық диэлектрикті конденсаторлар, 1961 жылы түрлі үлгідегі габаритті стабилизаторлар үшін конденсатор, 1962 жылы әр түрлі жиынтықты конденсатор қондырғылары мен байланыс конденсаторларын сериялап шығару, 1966 жылы бір тектес сериялы конденсаторлар шығару игерілді. 1972 жылы зауытта қағаз-пленка конденсаторының үлгілерін шығару қолға алынды. 1994 жылдан АҚ.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}