Өнеркәсіптік және үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өнеркәсіптік және үй-жай ағындыларын тазалау тәсілдері — ақаба суларды тазалау кезінде қолданылатын механикалық, физикалық және биохимиялық тәсілдер.
Механикалық тазалау суда ерімеген заттарды сүзгіден өткізу, сорғыту, тоспалау жөне центрофугалау аркылы бөліп алуға қызмет етеді. Бұл тәсілді, басқа тазалау тәсілдерін қолданар алдында алдын алу мақсатында немесе өнеркөсіп мақсатына пайдалануға болатын жағдайда қолданады.
Механикалық тазалаудан өткен суды, әдетте, хлорлау арқылы залалсыздандыру қажет.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>