Өндірімдік геофизика
Өндірімдік геофизика. Мұнай мен газ кендерін іздеу және барлау мақсатында бұрғыланған ұңғымаларда жүргізілетін геофизикалық зерттеу әдістері мен кейбір іс-әрекеттер жиынтығы. Өндірімдік геофизика төмендегі әдістерді қамтиды: 1) әр түрлі каротаж әдістері; 2) ұңғыманың техникалық жағдайын бақылау әдістері; 3) мұнай мен газ кенін өндіру шараларын бақылаудың геофизикалық әдістері. Өндірімдік геофизикаға төмендегі іс-әрекеттер де жатады:
- ұңғыманы тескілеу [перфорация],
- ұңғыманы жарғылау[торпедирование],
- ұңғымадан үлгілер алудың кейбір әдістері,
- қойнауқаттарды тексермелеу әдістері,
- манометрмен өлшеу, бұрғылау өлшемдерін тіркеу т.б.
Өндірімдік геофизика көмегімен жүргізілетін зерттеу әдістері ұңғыманы өту процесінің міндетті түрде жүргізілетін құрам-бөлігі болып табылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>
Дереккөздер
<references/>