Өмір Қараұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өмір Қараұлы (1856, Маңғыстау ауданы Тұщыбек ауылы – 1918, сонда) – ақын, сәулетші, зергер. Жасында ауыл молдасынан оқып хат таныған. Өлеңдерін жазып шығарған. Жас кезінен жиын-тойларға қатысып, ақындық, сәулетшілік және зергерлік өнер жолына түскен. Ит жылғы жұттан кейін (1910) Жаңғақ ойына (Түрікменстан) көшіп барады, мұнда да жұтқа ұшырап, тұрмыс тапшылығын тартады. Ел арасында тараған, ұрпақтарының қолында сақталған басты шығармалары: «Терме», «Беташар», «Қара өлең», «Тойбастар» (1 және 2-нұсқасы), «Атасы барда арман жоқ», «Ит жылғы жұт», «Шалбар Оспанға», «Мұхаммедия Кенбаевқа», «Штатқа», «Біздің халық әуелде», «Аппаққа» деген өлеңдері мен толғаулары. 1912 ж. үш дәптер өлеңін Қазан қаласына жіберген; бірақ «Патшам пасық, байтақ жұрт, байқасам қарым талып жүр» деген өлең жолдары үшін жарияламай, қайтарып жібергенерал Өмір халықтық тұрмыс-салт жырлары дәстүрін дамытқан, ел тағдыры туралы тебіреніп, насихаттық жырлар толғаған. «Терме», «Атасы барда арман жоқ» деп аталатын шығармалары 1985 ж. «19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинағында жарияланған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref> Өмір – Маңғыстаудағы Тәжі күмбезін тұрғызған сәулетшілердің бірі. Оның қолынан шыққан және қатысуымен жасалған құлпытас, сағанатам, күмбез-кесенелер Қараман ата, Қамысбай және Үштаған қорымдарында көптеп кездеседі.<ref>[[Маңғыстау энциклопедиясы]], Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өмір Қараұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}