Өмірбек Оспанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өмірбек Оспанов (10.8.1906, қазіргі Қостанай облысы Федоров ауданы Тоғызақ ауылы – 8.4.1993, Алматы қ.) – топырақтанушы, геология-минералдық ғылым кандидаты (1937), Қазақстан Ғылым Академиясының корресподенттік мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
- 1931 Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген.
- 1936-1939 КСРО Ғылым Академиясы Қазақ бөлімшесінің Геология және топырақ секторларында кіші, аға ғылым қызметкер
- 1939-1942 Жезқазған тәжірибе станциясында директор
- 1942-1946 КСРО Ғылым Академияның Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары
- 1943-1945 Қазақстан Ғылым Академиясының Топырақтану және ботаника ин-тының директоры
- 1945-1968 Қазақстан Ғылым Акамедияның топырақтану институтының директоры.Oсы институтта бөлім меңгерушісі, аға ғылым қызметкер, кеңесші (1968–1983) қызметтерін атқарған.
- 1995 жылдан Топырақтану институты (қазіргі Топырақтану және агрохимия зерттеу орталығы) Оспановтың есімімен аталады.
Ғылыми еңбектер
«Тақырлы топырақтардың пайда болуы және оларды жақсарту» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Оспанов – Қазақстанда топырақтану ғылымының негізін салушы.
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан топырағының генезисі мен географиясына, топырақ түрлерін жіктеуге арналған. Оспанов республика облыстарының топырақ карталарын жасады, жазық жерлер топырағының география-генетикалық, аймақтық, т.б. ерекшеліктерін сипаттап, топырақ түрлерін аграрлық-өндірістік топтарға, табиғи аймақтар мен облыстарды топырағына қарай категорияларға бөлді.
Қалған мұрасы
Жыртуға жарамды тың жерлерді іріктеу жөніндегі зерттеулерге басшылық етті. Оспанов есімі Қазақстанның Алтын кітабына енгізілген.
Марапаттар
Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>.
Дереккөздер
<references/>
Қосымша мәлімет
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өмірбек Оспанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}