Өмірбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы (14.9.1946 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ескелді ауданы Талды ауылы) – графикашы-суретші, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1999). 1969 жылы ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін осы институттың бейнелеу өнері кафедрасының ассистенті (1969 – 71), аға оқытушысы (1972 – 74), көркемсурет-графика факультетінің деканы (1974 – 78), Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының оқу және ғылыми жұмыстары бойынша проректоры (1978 – 87), кафедра меңгерушісі (1990 – 92), Көркемсурет академиясының графикикалық дизайн кафедрасының меңгерушісі (1992 – 94) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Қазақ мемлекеттік өнер мұражайының директоры. Өмірбеков кескіндеме, графика және мүсін (Қайрат Рысқұлбеков, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы еңбек ерлері мен Оңтүстік Қазақстан облысының Абай базар ауданындағы алғашқы коммунарларына қойылған ескерткіштердің) саласы бойынша еңбектердің, бейнелеу өнері мәселелері жайлы кітаптардың (“Түр-түс әлемінде“, 1986; “Түр-түстердің тілдегі көрінісі”, 1992, екеуі де Ә.Қайдаровпен бірге; “Кеңістіктегі түр-түс” оқу құралы, 1990), мақалалардың, мәдени көркем жобалардың авторы. Халықаралық өнертанушылар ассоциациясының мүшесі (2002). <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өмірбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}