Өмірбай Сәуірбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өмірбай Сәуірбаев (17.9.1946, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы - 10.9.1996) - ақын.

1962 жылы оныншы сыныпта оқып жүрген кезінде қатты сырқаттанып, бес жыл бойына төсек тартып жатқан. Осы кезден бастап өлең жаза бастайды. Мектепті де, Шымкент педагогика институтын да сырттай оқып бітірген. Түркістан ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, С.Ерубаев мұражайының директоры болып қызмет істеген.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Бастама