Өлөне

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox River Өлөне (Үлгі:Lang-sah; Үлгі:Lang-ru) — Солтүстік-Шығыс Сібірдің ең ірі өзені. Көбінесе Саха Республикасы өңірінде ағады, Лаптевтердің теңізіне құйылады.

Өзен ұзындығы 4400 км (әлемде 10-шы орын). Су жиналатын алабы 2,49 млн. км². Байкал жотасынан басталып, Лаптевтер теңізіне үлкен атырау жасап құяды. Алабы негізінен Орта Сібір таулы үстіртінде, 500-ден астам ұсақ өзендерден тұрады. Орта ағысында аңғары 30 км-ге дейін жайылып, жағалауы батпақты келеді. Жайылмасында көптеген шағын көлдер бар. Еріген қар суы мен жаңбыр суынан толығады. Су тасығанда өзен деңгейі орта ағысында 10 — 15 м, төм. жағында 18 м-ге көтеріледі. Орташа жылдық су ағымы сағасында 17 000 м3/с. Лена және оның салалары Киренга, Вилюй, Оләкма, Алдан кеме қатынасына пайдаланылады. Усть-Куттен сағасына дейін кеме тұрақты жүреді. Басты айлақтары: Булун, Якутск, Оләкминск, Ленск, т.б. Вилюй, Мамакан СЭС-тері жұмыс істейді.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы <references/>

Үлгі:Commonscat