Өлі тию

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өлі тию – малдың ішек-қарын ауруы. Мұны жылқыда өлі тию, сиырда шанышқақ, қойда түйнек деп атайды. Өлі тию малдың азықты шамадан тыс көп жеуінен, ішекке газ жиналуынан, салқын тиюден, қорытылған азықтың тоқ ішекке кептелуінен, әсіресе, малға бұзылған, ластанған, ашыған азық беруден, кейде басқа аурулардың (жұқпалы аурулар, бүйрек, бауыр, т.б.) салдарынан, асқазан, ішек жолдары кілегей қабықтарының бұзылуынан болады. Өлі тию салдарынан организмнің дағдылы рефлексі өзгереді; асқазан, зат алмасу жүйелерінің қызметі бұзылады. Мал азық жеуден қалады, іші кеуіп, ентігеді, кекіреді, лоқсиды, жүрек қызметі өзгереді, минутына 60 – 90 рет соғады. Емі: Өлі тию білінісімен малды жұмыстан босатып, кең қорада ұстайды. Жылы клизма жасап, шырынды ерітінділер, іш жүргізетін дәрі ішкізеді. Ауруды басатын хлоралгидрат, анальгин, новокаин береді. Жайылым мен суатқа гельминттердің таралмауы қадағаланады.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өлі тию|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}