Өлім Пемберлиде келеді (телесериал)
Үлгі:Телесериал Өлім Пемберлиде келеді (ағыл. Death Comes to Pemberley) – Филлис Джеймстың аттас романы бойынша түсірілген ағылшын телесериалы. Детектив стилінде жазылған кітап әйгілі Джейн Остиннің «Абырой мен жалған сезім» романының жалғасы болып табылады. Сериалдың тұсаукесері 2013 жылдың соңында өтті.
Сюжет
«Абырой мен жалған сезім» романының оқиғаларының аяқталуынан кейін алты жыл өтті. Элизабет пен Дарси Пемберлиде ұлын тәрбиелеп бақытты өмір сүруде. Жыл сайынғы би кеш қарсаңында қарбалас пайда болды. Эдизабеттің ата-анасы, полковник Фицульям, Джорджиана Дарсидің табынушысы, Генри Алвестон мырза Пемберлиге келеді. Элизабеттің қуанышын ормандағы сол жерде елес ретінде таныс әйелмен кездесі томсартады.
Би кешінің қарсаңындағы отбасылық кеш кезінде Пемберлиге үрейленген Лидия келеді. Ол мүдіріп, Уикхемді қожалықтың жанында өлтіргені туралы айтады. Дарси іздеу жұмыстарын ұйымдастырады. Көп кешікпей өліп бара жатқан Денни және үсті-басы қан Уикхемді табады. Дарсиге оны қылмыскерді жасыруда кінәламас үшін магистратқа жүгінуге тура келеді. Уикхем кінәсін мойындамайды. Тергеу басталады.
Актерлер құрамы:
- Мэттью Риз — Фицуильям Дарси
- Анна Максвелл Мартин — Элизабет Дарси
- Дженна Коулман — Лидия Уикхем
- Мэттью Гуд — Джордж Уикхем
- Тревор Ив — сэр Селвин Хардкасл
- Александра Моэн — Джейн Бингли
- Ребекка Фронт — миссис Беннет
- Джеймс Флит — мистер Беннет
- Пенелопа Кит — Кэтрин де Бург ханым
- Джоанна Сканлан — миссис Рейнольдс
- Том Уорд — полковник Фицуильям
- Элеонор Томлинсон — Джорджиана Дарси
- Джеймс Нортон — мистер Генри Элвестон
- Никола Берли — Луиза Бидвелл
- Филипп Мартин Браун — мистер Бидвелл
- Кевин Элдон — доктор Белчер
- Дженифер Хенесси — миссис Бидвелл
- Льюис Рейнер — Уилл Бидвелл
- Мэрайя Гэйл — миссис Йанг
- Том Кэнтон — капитан Мартин Денни
- Оливер Мэлтман — Джордж Пратт
Түсірілім
Құрам 18 шілде 2013 жылы жарияланған болатын. Полковник Фицульямның рөлін алған Том Уорд бұрын «Абырой мен жалған сезім» экранизациясында 1995 жылы лейтенант Чемберленді сомдаған болатын. Анна Максвелл Мартин, Элизабет Дарсидің рөлін ойнаған актриса 2007 жылы Джулиан Джарролдтың фильмінде Джейн Остиннің әпкесін, Кассандраны сомдады.
Түсірілім 2013 жылы шілдеде басталды.
Сілтемелер
↑ Death comes to Pemberley; behind the scenes. The Telegraph.
↑ Death comes to Pemberley on BBC1. Hull Daily Mail.