Өкім Жайлауов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өкім Жайлауов - 1929 жылы 21 желтоқсан күні Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында туған.

  • 1953 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің тіл-әдебиет бөлімін бітірген.
  • Республикалық «Қазақстан пионері»(қазіргі «Улан») (19531954),
  • Жамбыл облыстық «Еңбек туы (1954-1962, 1963-1967),
  • Өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» (19631965) газеттерінде,
  • Жамбыл облыстық радио хабарларын тарату комитетінде (1963),
  • «Білім және еңбек» (1962-1963),
  • «Мәдениет және тұрмыс» (1967-1972,
  • 19811989) журналдарында тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.
  • 19711981 Қазақ Совет энциклопедиясының тіл және әдебиет редакциясында аға ғылыми редактор болды.

Шығармашылығы

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Шәкірт ойы» 1958 жылы басылды. Содан бері «Жасылбақша» (1961), «Шопан даусы» (1968), «Жарқын жаз» (1971), «Арай» (1973), «Күміс жаңбыр» (1976), «Соны соқпақ» (1977), «Шұғылалы шақ» (1978), «Дарқан дала» (таңдамалы, 1979), «Мезгіл бояулары» (1993), «Шартараптан шарапат» (таңдамалы, 1999), т.б. жыр кітаптары жарық көрді.

Бірқатар өлеңдері орыс тілінде шыққан «Сегодняшный день» атты бір томдық кітапта басылды. М.Лермонтов, К.Хетагуров, С.Маршак, С.Михалков, А.Барто, т.б. ақындардың біраз жырларын аударды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}