Өкім

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Өкім – белгілі бір лауазымды тұлға шығаратын билік құжаты. Өкімді ҚР Президенті, Премьер-Министрі және әкімдер әкімшілдік-өкімдік,<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> жедел және жеке дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарады. Президент пен Премьер-Министр өкімдері ҚР-ның бүкіл аумағында, ал әкім өкімі өзі басқарып отырған әкімшілдік-аумақта немесе өкімнің өзінде көрсетілген шекте міндетті күші болады. Өкім тиісінше Президент әкімшілігінің, Үкіметтің немесе әкімдіктің регламентінде белгіленген тәртіпте әзірленіп, шығарылады. Төмен тұрған лауазымды тұлғаның өкімін жоғары тұрған лауазымды тұлға, заңсыз өкімді сот жоюы мүмкін. Заңсыздығы жойылғанша өкімнің күшін прокурор тоқтата тұра алады.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub