Өкіл әке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Өкіл әке – бала отбасының перзентсіз­ді­гіне, жас адамның әкесіздігіне еш байланысы жоқ ара қатысты байлам. Үйлі-баранды елге танымал азаматқа қаны бөлек, ата-аналы ержеткен ұлдың, бойжеткен қыздың ықыласы ауып, балалық жылы сезімі оянып, ниеттескен екі тараптың бірдей әкелік пен перзенттікті қалауы. Ұлы-қызы сөзінің алдына өкіл қо­сылғаны болмаса, ағайындар куәландырған өкіл әкелік пен балалықтың ақиқаты күмән­сіз.
Өкіл әке – келісім бойынша жасалған туыстық атау. Қазақ өмірінде бала асырап алу дәстүрі ежелден қалыптасқан ғұрып. Негізінен, өз кіндігінен ер баласы жоқ адамдар бала асырап алады. Халық дәстүрі бойынша той жасап, ер балаға асық жілік, қыз балаға тоқпақ жілік ұстатқан. Өкіл әке – туыстас, дос-жаран адамдардың жетім қалған балаларына өкілдік жасап, қамқорлығына алған адам. Оның өз бала-шағасы болғанымен, қимас дос, жақын құрбы-құрдастардың балаларына да көмектесу үшін өкіл әке болады. Ол баланы өз балаларынан кем көрмей, қуанышы мен қайғысын бірдей бөліскен. Оған бүкіл қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктелген. Бала да өкіл әкені сыйлауға, өз әкесіндей құрметтеуге міндетті болды. Кейінірек дәстүрлі қазақ қоғамында әкелер өзара келісіп, бірінің баласына бірін өкіл әке етіп сайлаған. Бұл дос адамдар мен олардың ұрпақтары арасындағы ауызбіршілікті, сыйластықты дамыту мен жалғастыру мақсатында жасалған.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өкіл әке|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}de:Godfather ar:العراب (توضيح) en:Godfather et:Ristiisa fr:Godfather hy:Կնքահայր it:Padrino mk:Кум (појаснување) nl:Boter sl:Boter (razločitev) uk:Хрещений батько zh:教父