Өзен ирелеңі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өзен ирелеңі (Меандр) - өзен суының айналымы салдарынан пайда болатын, өзен арнасының жоғарыдан қарағанда байқалатын иіні, бүгілісі. Өзен ирелеңі үлкен жайылмасы бар жазық жердегі өзендерге тән бұрылыстар, өзен ирелеңінің екі түрі бар:
- тосын өзен ирелеңі — өзен аңғарындағы шайылмайтын берік телімдерді тасқынның айналып өтуінен пайда болады;
- еркін өзен ирелеңі — тұрақты пішін жасамайды, уақыт өткен сайын арнасын өзгертіп және өзеннің ағыс бағытымен орын алмастырып отырады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Өзеннің ирелеңділігі
Өзеннің ирелеңділігі – өзен арнасының иректелу пішінінің дәрежесі. Өзеннің режіміне, алабы мен аңғарының геологиялық құрылысына және топырақ құрамына байланысты. Өзеннің ирелеңділігі коэффиңиентімен бастауы және сағасының арасындағы ұзындығының олардың арасындағы түзудің ұзындығына қатынасымен сипатталады.<ref>Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>
Тағы қараңыз
- Өзен;
- Өзен алабы;
- Өзен аңғары;
- Өзен жүйесі;
- Өзен бастауы;
- Өзен сағасы;
- Өзен еңістігі;
- Өзен желісі;
- Өзен жүйесі;
- Өзен иректілігі;
- Өзен көлігі;
- Өзен суының тартылуы;
- Өзен эрозиясы;
- Өзендердің бөлінуі;
- Өзендердің қоректенуі;
- Өзенді ілестіру;
- Өзеннің бас жары;
- Өзен жайылмасы;
- Өзен аралығы.
Дереккөздер
<references/>