Өзеннің сағалық алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өзеннің сағалық алабы<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref> — ұзындығы бойынша өзенге тән гидравликалық режім біртіндеп теңіздік режімге өте бастайтын өтпелі аймақ. Өзеннің сағалық алабының шегінде: саға жағалауындағы теңіз кемері және өзеннің теңіз жағалауындағы телімі болып бөлінеді.

Өзеннің теңіз жағалауындағы телімі: саға жағалауындағы және сағалық телім деп аталады.

Өзеннің саға жағалауындағы телімі тек желқума — желбөгетті және судың толысу-қайту құбылыстарымен оқта-текте бұзылатын өзен режіміне ғана ие. Оның жоғарғы тұстамасы осы құбылыстардың ену шекарасында, төменгісі — өзеннің тармақтарға бөлінуі тұсында, ал бір тармақты салалармен эстуарийлерде өзен және теңіз суларының араласуы үнемі байқалатын орындарда пайда болады.

Өзеннің сағалык телімі саға жағалауындағы төменгі тұстамадан саға жағалауындағы теңіз кемеріне дейін болады. Саға жағалауындағы теңіз кемері сағалық телімнің төменгі шекарасынан бастап, өзен ықпалы теңіз режімінің бақылауына қайта алынбайтын аймақ кеңістігінде орын алады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}