Өздік индукция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өздік индукция – өткізгіш контурдағы ток күші өзгергенде сол контурда индукциялық ЭІК-нің пайда болу құбылысы. Өздік индукция эл.-магн. индукцияның дербес түрі. Контурдағы ток өзгергенде осы контур қоршап тұрған бет арқылы өтетін магнит ағыны өзгеріп, со-ның салдарынан контурда өздік индукцияның ЭІК-і (E) пайда болады. Өздік индукцияның ЭІК-нің бағыты Ленц ережесімен анықталады: тізбектегі ток күші өскенде өздік индукцияның ЭІК-і (E) токтың көбеюіне кері, ток күші кемігенде токтың азаюына кері әсерін тигізеді. <math>E </math>тізбектегі токтың өзгеру жылдамдығына (dі/dt), контурдың индуктивтігіне <math>L</math> пропорционал: <math>\mathcal E = -L \frac{dI}{dt}</math>. Индуктивтік коэфф. L-дің өлшем бірлігі – Гн (генри). Тізбек тұрақты ток көзіне қосылғанда немесе одан ажырағанда <math>E </math> пайда болып, ондағы ток күшінің лезде өзгеруіне мүмкіндік бермейді. Бұл кезде пайда болатын <math>E </math> ток көзінің ЭІК-нен бірнеше есе артық болуы мүмкін. Айнымалы ток тізбегіндегі орамада өздік индукция әсерінен пайда болатын ток күші оған берілген кернеуден фаза бойынша /2-ге қалып отырады. Өздік индукция құбылысы электртехника мен радиотехникада маңызды рөл атқарады. Орамаға тізбектеп жалғанған конденсатордағы заряд таңбасы өздік индукция әсерінен үздіксіз өзгеріп, тізбекте еркін эл.-магн. тербеліс пайда болады. <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>, 7том</ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}