Өгізбаев Жағда (Жаһуда) Ордабайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Өгізбаев Жағда (Жаһуда) Ордабайұлы (1.1.1912, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы - 8.10.1962, Алматы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1962). Қазақ академигі драма театры жанындағы студияны бітірген (1935). Сахналық жолын 1931 ж. Риддердің Жұмысшы жастар театрынан бастады. 1933 - 62 ж. Қазақ академигі драма театрында ойнап, Кебек, Жүніс, Сапар, Ербол, Алшағыр (М.Әуезовтің "Еңлік -Кебек","Түнгі сарын", "Тас түлектер", "Сын сағатта" және "Қара қыпшақ Қобыландысында"), Махамбет (М.Ақынжановтың "Исатай - Махамбетінде"), Жанбозов (Әуезов пен Ә.Әбішевтің " Намыс гвар диясында"), Айбас (Әбі -шевтің "Қырағылығында") сиякты күрделі, сан алуан сахналық рөльдерді орындады. Киноға түскен Толағай ("Алып туралы әнде", 1942), Әбіш ("Абай әнінде", 1945), Малбағар ("Дала қызында", 1954), Отеш ("Бұл Шұғылада болған едіде", 1955). 1948 жылдан Қазақ академигі драма театры студиясында педагогикалы􀀃 қызметпен шұғылданды. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткеи қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 2 рет "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}