Әңгелбай Әлиханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әңгелбай Әлиханов (1916-1967), кен инженері. Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысушы. Жаңаарқаның түлегі. Қарағанды тау-кен техникумын (1939), Свердловск тау-кен институты жанындағы Жоғары инженерлер курсын (1955) бітірген. Өспен руднигінде С. Сейфуллин оқыған мектепте білім алады. 1932 жылдан Қарағандыда ат айдаушы болып істейді де тау-кен училищесіне түседі. 1939-1942 ж. тау-кен инспекциясының учаскелік инспекторы, №26 шахтаның учаске бастығы, Қазақстан КП Киров аудандық комитетінің, одан кейін облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болады. Соғыстан кейін №8-9 шахта парткомы бюросының хатшысы, М. Горький атындағы шахта бастығы, 1947-1952 ж. Сталин (қазіргі Октябрь) аудандық партия комитетінің 2-ші, 1-ші хатшысы. 1955 ж. №18 бас шахтасының бастығы, 1955-59 ж. облыстық партия комитетінің көмір өнеркәсібі бойынша хатшысы. 1959 жылдан Киров шахта-құрылыс басқармасының бастығы, ҚазКСР көмір өнеркәсібі басқармасы бастығының орынбасары болып шаруашылықтардың басшы қызметтерінде жұмыс істеді. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. «Шахтер данқы» белгісінің толық иегері. Әлиханов құрметіне Қарағандыда орталық көшенің бірі аталады. Әлиханов өмір жолы туралы журналист-жазушы В. Могильницкий «Страницы большой жизни» (2001) деген кітап шығарды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}