Әшірқара Жолдасов
Әшірқара Жолдасов (1937 жылы туған, Ордабасы ауданы Бейнетқор ауылы) – ғалым, техникалық ғылымының докторы (1991), профессор(ы)(2000). Ташкент мемлекеттік университетін бітірген (1961). 1961 – 70 жылдары Өзбекстан ҒА Кибернетика институтында жұмыс жасады. 1971 – 99 жылдары Жамбыл технологиялық институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 2000 жылдан кафедраның профессоры. Әшірқара Жолдасов қолданбалы математика, сұйықтар және газдар механикасын зерттеуші ғалым. Негізгі ғылыми еңбектері мұнай мен газ шоғырларында болатын табиғи сүзілген су ағынын газгидродинамикалық негіздеуге арналған. Сондай-ақ ол мұнай мен газ шоғырын барлаудың қолданбалы есептерін шешу, көмірсулардың артық мөлшерін есептеу және жаңа типті газ шоғырын зерттеу теориясын жасады. 75 ғылыми еңбегі жарияланған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references /> Үлгі:Суретсіз мақала