Әшірит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әшірит , диоптаз, мысты зүмірет – силикаттар класының минералы. Хим. формуласы: CuSіO3·H2O. Қазақстанның Алтынтөбе кенішінен ірі кристалдарын өндіріп, 1780 ж. Ресей орталығына жеткізген қазақ көпесі Әшірдің есімімен аталған. Кристалдары қысқа сүйір бағана тәрізді болып келеді. Друзалары жиі кездеседі. Түсі зүміреттей жасыл, шыныдай жылтыр, мөлдір. Қаттылығы 5,0, меншікті салмағы 3,28 – 3,35 г/см3. Мыс кендерінің үгілу-тотығу қабаттарында малахит, каламин, т.б. минералдармен бірге түзіледі. Хим. әсерге төзімді және қатты болғандықтан алтын кенқайраңдарында да кездеседі. Зергерлік бұйымдар жасауға пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әшірит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}