Әулие-әнбие

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әулие-әнбие - халық түсінігінде ерекше тылсым қасиет иелері - әулиелердің жалпы атауы.

Қазақы мұсылман агиологиясында әулие-әнбиелер қатарына Мұхаммед пайғамбардың серіктері мен үрім-бұтақтары да жатқызылады.

Қазақы ортада әулие-әнбиелер этникалық реңкке ие болды. Осы категорияға мұсылман агиологиясында рәсімделген әулие-әнбиелерден басқа мифопоэтикалық образға айналған әулеттің, рудың, тайпаның ата тектері деп саналатын тұлғалар және өзінің қамқор қарекетімен, ерекше өнегелі ісімен әулие атанып, ел жадында мәңгі қалған жандар да кірді. Қазақ халқының дүниетанымында әулие-әнбиелерге табыну, жалбарыну дәстүрі ежелден бар. Әулие-әнбиелер білімпаздығымен ізгі қасиеттерімен сондай-ақ, халыққа келетін апаттарды алдын ала болжау, бағдарлау, көріпкел, алдағыны болжағыш, көреген, сәуегейлігімен халық арасында үлкен беделге ие болды. Күнге, айға, отқа табыну, ел иесі Көкбөріні қасиет тұту, су иесі Сүлейменге жалбарыну, мал пірлері Қамбар ата, Шопан ата, Ойсылқара, Зеңгі баба, Шекшек атадан жәрдем күту сияқты жосындар әулиеліктің, көріпкелдіктің негізгі атрибуттары болып табылады.

Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы барысында тәңірлік дүниетанымның кейбір элементтері жаңа дүниетанымдық ұстанымдармен біте қайнасып әулие-әнбиелер ұғымының мазмұны толыға түсті. Бақсы, әдетте, төмендегідей сарын айтқан. Оның мотиві әулие-әнбиелерге сыйынудан басталады: Мағруптағы әулие, Машруптағы әулие, Түркістанда Түмен баб, Сіздерден медет тілеішін. Сайрамдагы Сансыз баб, Отырарда отыз баб, Ец үлкені —Арыстан баб, Ең кішісі — Алаша қап, Сіздерден медет тілеймін. Қазығұрт ата, әулие, Арғы жақта Қыңырақ бар, Бергі жақта Қарақ бар, Сіздерден медет тілеймін. Қарамұрт ата, әулие, Бекбау ата, бек ата, Бегіш ата, қолдай гөр. Шақпақ ата, әулие, Қошқар ата, әулие, Сіздерден медет тіледім. Тектұрмас ата, әулие, Қарахан бабам, қолдай гөр, Шілтен бабам, қолдай гөр. Айналайын атыңнан, Тілеуімді оңдай гөр, Шайқы Борық, әулие, Аруақты жиын жинаған, Сайтан көрсе байлаған, Жина бермен, дәу пірім <ref>Диваев А. Из области киргизских верований: Баксы, как лекарь и колдун (этнографический очерк) // Известия общества археологии, истории и этнографии. T.XV. Вып.З. Казань, 1899</ref> Бақсы өзінің білетін әулие-әнбиелерінен ешкімді қалдырмай түгел атап, ақырында:Жер жүзіндегі әулие, Күн көзіндегі әулие, Ал, сыйындым сіздерге, Жәрдем бергей біздерге,— деп түйеді. «Мен оның сөзінен түк те ұққаным жоқ, - дейді А.Янушкевич, - бірақ әртүрлі құдайлардың, әулиелердің ішінде Ысырайыл мен Жебірейіл де болды» <ref>Янушкевич А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям. Алматы: Казахстан, 1966</ref>. Бақсы әулие-әнбиелерге сыйынып болдым-ау деген кезде сарынын аз-кем тоқтатып, отырғандарға: «Ләилаһа илла Алла» (Алладан басца Тәңір жоқ) деңдер», - дейді, қатысушылар мұны бір ауыздан қайталайды. Бұдан кейін ол аруақтарды шақыруға кіріседі. Аруақтарды шақырудың бірнеше типі бар. <ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әулие-әнбие|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}