Әулиетөбе
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әулиетөбе – Қарағанды облысы Осакаров ауданының шығыс бөлігінде, Молодежный кентінен солт.-шығысқа қарай 10 км жерде, [Ертіс-Қарағанды каналы|ның оң жағалауындағы шоқы. Ең биік жері 571 м. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, ені 2,5 км. Тас көмір жыныстарынан түзілген. Қызғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, қызыл селеу, сұлыбас, қозықұлақ, т.б. өседі. Үлгі:Суретсіз мақала