Әулиебастау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ӘУЛИЕБАСТАУ көне қала орны. Тараз қаласынан батысқа қарай 25 км жерде. Алғаш археологтар Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич зерттеген. Қаланың қазіргі сақталған орны тік төртбұрышты, ұзындығы батыстан шығысқа қарай 400 м, ені солтүстіктен оңтүстіке қарай 140 м, биіктігі 9 м. Үстінде жұмыртқа тәрізді екі төбе бар. Оның біріншісі батысжағында, көлемі 105х87 м, екіншісі шығыс жағында, көлемі 100х120 м. Құрылыс сырты топырақ дуалмен қоршалған, ортасында аумағы 20 м2 үйдің орны сақталған. Шығыс жағындағы орталық қорған ірі тастардан қаланған. Қаланың Оңтүстік-батыс жағындағы жарылған жартастың астынан бұлақ ағып жатыр. Бұлақ суынан қала түбінде аумағы 100 м2 көлшік пайда болған. Ақсу өз. осы көлден бастау алады. Жергілікті халық бұлақты Әулиебастау деп атайды. Қала жұртынан жинастырылған қыш ыдыстардың жасалуына қарап, ғалымдар қала Қарахан әулеті заманында (10 — 12 ғасыр) болған деп тұжырымдайды. <ref>Агеева Е.И., Пацевич Г.И., Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. Тр. института истории, археологии и этнологии АН КазССР, т. 5, 1958.</ref> <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әулиебастау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}