Әулиеата уезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әулиеата уезі – әкімшілік-территориялық бөлік. 1867 ж. 11 шілдеде жарияланған «Жетісу Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережеге» сәйкес Түркістан ген.-губернаторлығына қарайтын Сырдария облысы құрамында ұйымдастырылды. Батыста – Шымкент, шығыста – Жетісу облысының Верный, солт-те – Ақмола облысының Ақмола уездерімен шектесті. Орт. Әулиеата (қазіргі Тараз) қ. болды. Уезде 200 мың халық тұрды. Тұрғындардың саны 1897 ж. 300 мыңға жетті. Уездің жерімен Ташкент – Верный тракты өтті. 1914 ж. Арыс – Бурный т. ж. тармағы салынды. 19 ғ-дың соңына қарай патша өкіметінің қоныс аудару саясатына сәйкес уезде орыс, украин, неміс қоныстары құрылды. Оларға қазақтар иелігіндегі ең құнарлы деген жерлер кесіліп берілді. Оның үстіне 1870 жылдары Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендердің біраз бөлігі Ә. у-не орналастырылды. Уез орталығында 15 кәсіпорын: диірмен, тері өңдейтін зауыттар, т.б. жұмыс істеді. Тұрғындардың негізгі кәсібі мал ш. болып, тау бөктерлері мен Шу өз. бойындағылар егіншілікпен, бау-бақша өсірумен шұғылданды. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың үлкен бір ошағы Ә. у-нде болды. Ақкөз батыр бастаған қозғалыс әскери күш қолдану арқылы басылды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін уездегі жергілікті халық мүддесін қорғау мақсатында Ә. Кенесарин жетекшілік еткен Ұлттық кеңес құрылды. Жергілікті тұрғындар 1917 ж. қарашада құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясына қолдаушылық танытты. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Сырдария облысы құрамында Түркістан АКСР-іне, 1924 жылдан Қазақ АКСР-іне енді. 1928 ж. жаңа әкімш.-терр. аудандастыру шаралары жүзеге асырылуына байланысты Ә. у. жойылды.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}