Әулиеата Жұмысшы және Солдат Депутаттарының Кеңесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ӘУЛИЕАТА ЖҰМЫСШЫ ЖӘНЕ СОЛДАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ – Әулиеата жұмысшы және солдат депутаттары к-тінің негізінде 1917 ж. мамырда ұйымдастырылған билік органы. Алғашқыда эсерлер мен меньшевиктер ықпалында болды. Сол жылы жаз айларында Кеңесте большевиктік топ үстемдік алды. Оның құрамына большевик С.К. Хмелевский (төраға), С.Карев, М.Чернышев, Ф.Федоров-Завадский сайланды. Бұлар Қызыл гвардия отрядын ұйымдастырып, контрреволюциялық күштерді басуға, қаладағы өкімет билігін қолға алуға кірісті. Уезд еңбекшілерінің мүддесін батыл қорғады, ірі байлардың астығын еріксіз тәркілеп, ашыққандар үшін асханалар ұйымдастырылды, жетім балаларды қамқорлыққа алды. Осындай саяси, тәрбиелік мәні зор жұмыстардан кейін Кеңестің бұқара арасында ықпалы күшейді. Жұмысшылар мен солдаттардың басым көпшілігі Кеңесті жақтады. 1917 ж. 18 қарашада Қызыл гвардия отрядтарына сүйенген большевиктік топ Әулиеатада және уезде өкімет билігінің жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесінің қолына көшуін қамтамасыз етті. Кеңес өкімет билігін өз қолына алғаннан кейін ескі жергілікті помещиктік-бурж. әкімшілігін жойып, қалалық дума мен бұрынғы азық-түлік басқармасын таратты, халықтық мемл. аппарат құру ісіне кірісті, шаруаларға егістік жерді, жайылымдарды бөліп бере бастады, байларға, кәсіпорын. иелеріне салық салды, сауат ашу мектептерін ұйымдастырды. 1917 ж. 1 желтоқсанда Әулиеата уездік шаруалар депутаттарының, ал 16 желтоқсанда қазақ депутаттарының съездері өтіп, Ә. ж. с. д. с-н толық қолдады да оған өзінің депутаттарын сайлады. Осыған байланысты Кеңес Әулиеата жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттарының Кеңесі болып қайта құрылды.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}