Әуе Қорғаныс Күштері Әскери Институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет


Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтыавиация мамандарын даярлайтын әскери жоғары оқу орны. 1974 ж. ашылған. Инженер-ұшқыш, инженер-психолог, жалпы инженер, т.б. мамандықтар бойынша авиация кадрларын даярлайды.

Тарихы

Институт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 4 маусымдағы № 688 «Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиацияны Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына ауыстыру туралы» қаулысымен құралған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 10 шілдесі № 684 қаулысы негізінде Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиациясы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына атын ауыстырды.<ref name="Институт туралы">Үлгі:Cite web</ref>

Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған. 1998 жылдың 22 тамызында мемлекет Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы авиаторлардың – бірінші офицерлер бітіруіне қатысқан. Сол уақыттан бастап әскери оқу орнының қабырғаларында 1000-нан астам офицерлер дайындалған.