Әуе компания

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әуекомпания (авиациялық компания)Жолаушылар және жүк тасымалымен айналысатын, авиациялық жұмыс атқаратын мекеме. Кеңестік кезеңде авиакәсіпорын (авиациялық кәсіпорын) синонимы қолданылған.

Қазақстандағы ең танымал әуекомпания — Air Astana.

Тарихы

Әлемдегі ең танымал әуекомпаниясы

DELAG, (Үлгі:Lang-de — Германдық әуекеме жүргізу акционерлік қоғамы) — дүниежүзіндегі алғашқы авиакомпаниясы — 1909 жылы 16 қарашада басшылықтың қолдауымен құрылған. Ол Zeppelin фирмасының дирижаблін қолданған. Фирманың штаб-пәтері Майндағы Франкфуртте орналасқан.

Қазіргі авиакомпаниялар

Мемлекеттік авиакомпаниялар

Жақынға дейін авиакомпаниялардың көбі мемлекеттің иелігінде болды. Бұл компанияларды ағылшынша «Flagcarrier» деп атаған, өйткені олар мемлекеттің «туының астында» ұшқан. Мемлекеттік авиакомпаниялар нарықтың әсеріне аз ұшырайды; шығын көбінесе мемлекетке түседі.

Германияда бұл (жекешелендіруге дейін) Lufthansa компаниясына тиген, Францияда Air France, Италияда Alitalia, Вьетнамда Vietnam Airlines, Таиландта Thai Airways.

Ырықтандыру және жекешелендіру

Ырықтандыру және қайта реттеу барысында дәстүрлі мемлекеттік әуе компанияларының бөлігі ерікті нарыққа төтеп бере алатын жеке компанияларға қайта ұйымдастырылды.

Сілтеу

Үлгі:Commonscat