Әуе кемесін айдап кету

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ӘУЕ КЕМЕСІН АЙДАП КЕТУәуе көлігінің қалыпты жұмыс істеуіне кесел келтіріп, жолаушылар мен ұшқыштар өміріне қатер төндіретін қылмыс. Әуе кемесін айдап кету арқылы қылмыскерлер, көбінесе, үшінші бір мемлекеттің аумағына өтіп кетеді, соның салдарынан, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және жазалау ісі қиындай түседі.
Сурет:Planes.jpg
Әуе кемелері

Әуе кемесін айдап кетуге қарсы халықар.-құқықтық күрес шараларын күшейту мақсатында Азаматтық авиацияның халықар. ұйымы (ҚСАО) бастамасымен, 1970 жылы 16 желтоқсандағы Гаага конференциясында “Әуе кемелерін заңсыз қолға түсірумен күресу туралы” конвенция қабылданды. 1973 жылы 26 қаңтарда Монреаль қаласында өткен әуе құқығы жөніндегі халықар. конференцияда “Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күресу туралы” конвенция қабылданып, ол осы жылы 23 қыркүйекте күшіне енді. Осы құжаттардың ережелеріне сәйкес, кез келген мемлекет өз аумағында бой тасалап жүрген қылмыскерді (егер өзге мемлекеттің талап етуімен ұстап бермесе) қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құзыретті органдарға тапсыруға міндетті. Гаага және Монреаль конвенцияларының мәні — азаматтық авиацияға қатысты қылмыс істеген адамдар қай жерде бойтасалап жүрсе де, оларды жазалау үшін халықар. құқықтық негіз қалау. Бұл конвенцияларда қылмыс жасауға итермелеген себептер мән-жайын қаперге алмастан, яғни ешқандай жеңілдік берместен жаза тағайындаудың көзделуі де аса маңызды жәйт. БҰҰ мен ҚСАО шешімдерінде Әуе кемесін айдап кетуге қарсы күрес жөнінде басқа да шаралар белгіленген. ҚР-ның Қылмыстық кодексінде де Әуе кемесін айдап кету әрекетіне байланысты жазалау шаралары көзделген (239-бап).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әуе кемесін айдап кету|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}