Әуез Ене (Әуезбақы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әуез Ене (Әуезбақы ; 1748-1850), көріпкел әулие, халық емшісі. АқтоғайБалқаш қара жолында тұнық та мол, тұщы сулы Әуезбақы деген бұлақ, көгалды жер бар. Бұл жерге тыныстамайтын жолаушы болмайды. Бұл Дадан Тобықты ішінде Бораншы тармағынын келінінің атына қойьшған жер аты. Әуез Ене төре қызы. Оны Бораншы Баймырза Байбазарұлымен атастырған. Әуез Ененің ерекше қасиеті, емшілігі жайында аңыз көп. Оның Төбықты Қараменде биді емдегені, Жидебай батырдың жеңіспен оралатынын бөлжағаны т. б. аңыз-әңгімелер ел жадында сақталған. Әуез ененің ұрпақтары оның туғанына 250 жыл толуына арнап ас берді, қабіріне мәрмәр тас жауып, басына көк-тас орнатты.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}