Әуезов ауданы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Cleanup Алматы қаласы Әуезов ауданы Қаз. КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен 1972 жылдың 10-шы наурызында құрылды. 2002 жылдың наурызында ауданның 30 жылдығы тойланды.

Аумағы 77,2 текше км-ді құрайды. Халықтың тығыздығы 1 текше км-ге – 4 533 адам.

Үлкен және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының саны - 23. Шығарылған өнімдер көлемі осы жылдың 10 ай ішінде 23443 млн. теңгені құрайды. Соған ұқсас 2005-ші жылдың ішіндегі өсуі - 107%. Алматы қаласы өнеркәсіп өндірістері өнімдерінің аудандағы үлесінің жалпы көлемі 11,5%. Шаруашылық субъектілер саны 10539 бірлік, оның ішінде әрекеттегі 6883 бірлік. Тіркелген шағын кәсіпорындар саны 527 бірлікті құрайды. Шағын кәсіпорындардағы айналысатын адамдар саны 3980 адамды құрайды. Шағын кәсіпорынды қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 6804,0 теңге бөлінді. Аудан бюджеті осы жылдың 10 айы ішінде 8077,5 млн. теңгені құрады. Болжамның орындалуы 105,7%. Инвестицияның негізгі капитал көлемі 18201,5 млн. теңгені, 193,7% құрайды.

Ауданда көлік жолдарының ұзындығы 208,908 км-ді құрайды, барлығыда қатты жамылғымен қапталған. Сыртқа жарық түсіру желілерінің ұзындығы ауданда 299,7 км-ді құрайды (7645 жарық орындары). 3 саябақ бұзылған, 1 парк қызмет етуде (FEMILI park). Ауданда 8 жоғарғы оқу орындары, 9 орта арнайы оқу орындары, 39 орта оқу орындары, 35 мектепке дейінгі мекеме, 3 түзету мектеп-интернаты, 2 кәсіби лицей, 2 кешкі мектеп, 2 спорт мектебі бар. Ауданда 3 аурухана, 2 перзентхана, 80-нен аса дәріхана, 4 емхана, 1 диспансер, 3 отбасылық- дәрігерлік амбулаториялар, 2 медициналық орталық, 2 сәби үйі, 9 стоматологиялық емханалар орналасқан. Ауданда 100-ден аса НПО бар, оның ішінде белсенді әрекеттенушілер саны- 29. Ауданда мүгедектік зейнетақы алатын 6418 адам, асыраушысынан айырылғандар бойынша жәрдемақы алатын 2971 адам, жасы бойынша 34196 адам тіркелді. Ауданда 1156 соғыс ардагерлері мен мүгедектері, 4012 еңбек майданына қатысушы бар. Ауданда 262 құрылған ТКЖП және ТКЖҮ жұмыс істейді, оның ішіндегі ірісі- 122.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер