Әуезовтің Бөрлідегі Мұражай-Үйі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әуезовтің Бөрлідегі Мұражай-Үйі–Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөрлідегі Әуез әулеті қыстауында орналасқан тарихи және мәдени мекеме. Мұражай Жазушының туғанына 90 жыл толар қарсаңында (1987, қыркүйек) ашылған. ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүз. ауқымда аталып өткен ұлы Жазушының туғанына 100 жыл толу салтанаты алдында (1997, қыркүйек) мұражайда қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілді.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Мұражай экспозициясы 8 бөлімнен тұрады:

  1. Әуез бөлмесі;
  2. Мұхтардың балалық, жастық шағы;
  3. Анасының бөлмесі;
  4. “Абай жолы” романы;
  5. Мұхтар отбасы;
  6. Мұхтар шет елдерде;
  7. Мұхтар туған жерінде соңғы рет;
  8. Сыйлықтар залы.

Барлығы 1000-ға жуық экспонат бар. Оның 610-ы негізгі қорда. Мұнда Жазушының өмірі мен өскен ортасын жан-жақты көрсететін мұрағаттармен танысып, қызықтаумен бірге, ұлы суреткер мұрасы мен өміріне қатысты оқиғалар туралы түсірілген деректі фильмдерді де тамашалауға болады. Мұражай аумағында Омархан мен Нұржамалдың, Ақылбайдың, Әйгерім мен Ділдәнің кесенелері бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references /> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}