Әубәкір Қалиұлы Сүлеев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әубәкір Қалиұлы Сүлеев (1947жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысы Луговской ауданы Луговое ауылында туған) - продюссер.
- Әкесі - Сүлеев Қали Сүлейұлы, марқұм, партия қызметкері болған. Анасы - Ибрашева Елизавета Ибрашқызы, марқұм, мұғалім болып жұмыс істеген.
- Еңбек Қызыл Ту орденді Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кинооператорлық факультетін бітірген (Мәскеу қаласы, 1977), фильм операторы.
- 1969 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясында жоғары санаттағы қоюшы-операторы (қазіргі - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).
- 2005 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, операторлық шеберхананың шебер-жетекшісі, операторлық өнер кафедрасының меңгерушісі.
«Тізбектер» (1977), «Сіздің мүддеңізде» (1981), «Қайтар жол жоқ» (1997), «Бекет ата» (1999), «Шығыс болмаса - Батыс жоқ» (2000-2001) және тағы басқа деректі фильмдердің; «Туған дала» (1981), «Қызыл үй» (1982), «Самға, тырна!»(1985), «Қайрат» (1991) және тағы басқа көркем фильмдердің қоюшы операторы. «Сиқырлы демеуші» көркем фильмінің продюсері және директоры (2001).
- Мәдениет қайраткері (2002).
- «Ерен еңбегі үшін» (2005) медалімен марапатталған.
- Үйленген. Жұбайы - Сүлеева Шолпан Есенқызы, хореограф. Ұ¥лдары - Рүстем (1970 жылы туған), Әлем (1994 жылы туған); қызы - Әсел (1981 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>