Әсәди Туси

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ӘСӘДИ ТУСИ, Әбу Насыр Әли ибн-Ахмет Туси – 11 ғ-да өмір сүрген парсы ақыны. Хорасанда дүниеге келген. Соғыс өрті өршіп, салжұқтардың жеңіске жетіп, Ғазнауи әулеті биліктен кетуге мәжбүр болған шақта туған жерін тастап, Иранның бат-ндағы Әзербайжанға қоныс аударған. Ол жерде Нәғжәвән (Нахичеван) патшасы әмір Әбу Долф Кәркәри сарайына жол тауып, оның уәзірі Мұхамедтің қолдауымен 1064 – 66 ж. аралығында Фирдоусиға еліктеп төрт мың бәйіттен тұратын «Гәршасб наме» шығармасын жазады. Оның бұл шығармасында Тараз қ. да жырланған. «Қаланың барлық жері жібекпен безендіріліп, әнге бөленген. Қарасаң Тараздың шеберханаларындай сәнделген» деп Тараз қ-ның сол дәуірде зергерлік бұйымдар шығару жағынан кеңінен танымал болғанын білдіреді. Ә. Т. патша сарайында ұсталған екі жүзге тарта Тараз аруларының әсем өрілген шаштарымен жұрт назарын өзіне тартатындығын да өлеңнің көркем тілімен жеткізген.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}