Әскери парад

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әскери парад – мерекелер мен мемлекеттік маңызды оқиғалар құрметіне өткізілетін гарнизон әскерлерінің салтанатты байқауы. Парадқа қатысатын әскер құрамы, әскери парадтың болатын уақыты мен жері, киім-кешек формасы, сапқа тұру және шеру тарту тәртібі гарнизон бастығының бұйрығында айтылады.Ежелгі дүние мен орта ғасырларда әскери парад әскерлердің соғысқа әзірлігін байқау мақсатымен, соңынан жауды жеңгендіктің құрметіне өткізілді. Ресейде 18 ғасырдан бастап әскери ірі жаттығулар мен маневрлерден кейін әскери парад өткізілетін болды.

КСРО

КСРО-да революциялық мерекелерге және ерекше салтанатты оқиғаларға байланысты әскери парад өткізу дәстүрі қалыптасты. 1945 жылы 24 маусымда Қызыл Алаңда тарихи маңызы зор Жеңіс парады болды. 1969 жылдан бастап, әскери парадты жылына бір рет – Қазан революциясының мерекесі құрметіне 7 қарашада өткізілген.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 0-бет</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons