Әскери атақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әскери атақ - әскери қызметкердің атқаратын қызметіне, сіңірген еңбегіне, әскери немесе арнайы дайындығына байланысты берілетін атақ. Көшпенді түркі халықтарының әскери атақтарының жүйесі VI ғ.-ларда қалыптасты. Түркі жазба ескерткіштерінен бег, тархан, апа-тархан сияқты әскербасылық атақтар мен құрметті әскери титулдарды кездестіреміз. Ортағасырлық әскери атақтар жүйесінде әскердің қатардағы мүшесінің жауынгер, шерік деген атақтары, әскербасылардың онбасы, жүзбасы, мыңбасы, түменбасы деген лауазымдары болды. Мыңбасы, түменбасы, қолбасы атақтары жоғары дәрежелі әскери атақ болып, оларға бек мансабы қоса берілген. Әскердің Бас қолбасшысы беглер бегі деп аталды. Түркі халықтарында тікелей әскери қызметке байланысты лауазымдық атақтармен бірге тархан, батыр, баһадүр сияқты құрметті әскери титулдар да болды.

Әр кезеңде кейбір әскери атақтардың мәні, атауы өзгеріп, кейбірі қолданыстан шығып, оның орнына әскери атақтардың жаңа түрлері пайда болып отырды. XV-XVI ғғ. жоғары дәрежелі әскербасылық атақтар болған бек, беглер-бегі дәрежелерінің орнына араб тілінен енген әмір, әмір әл- умара атақтары қолданылған. Сарбаз, сарәскерб сардар т.б. әскери жүйе атақтары қазақ ортасына кейінгі кезеңде парсы тілінен еніп, әскери жүйеде берік қалыптасты. Ерте түркілер дәуірінде ханның оң және сол жағында отыратын кеңесшілері, ұрыс кезінде әскердің оң қолы, сол қолы бо¬лып саналғандар майсары немесе маймене деп аталған <ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әскери атақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}