Әскери-Техникалық Спорт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әскери-техникалық спорт - әскери қызметшілер мен әскери қызметке даярланушы жастарға әскери мамандықтарды меңгерту, олардың бойында жоғары рухани психологиялық және шымырлық қасиеттер қалыптастыру мақсатымен өткізілетін спорт жарыстары мен жаттығулары түрлерінің жалпы атауы. Оған авиация спорты, автомобиль спорты, авиамодельдеу спорты, автомодельдеу спорты, тікұшактық спорт, әскери-спорттық көпсайыс, мотоцикл спорты, парашют спорты, су асты спорты, радиоспорт, ескекті-желкенді көпсайыс, әскери гимнастика, шаңғы спорты, самбо, дзюдо, қолданбалы малту, кедергілерден секіріп жарысу, әскери-спорттық бағдарлау, мылтық ату спорты, алыс және қысқа қашықтыққа жүгіру т.б. жатады. Спорттың бұл түрлері бойынша жарыстар ҚР ҚК-нің жеке құрамалары арасында кезекті, мерзімді түрде немесе арнайы багдарламаларға сәйкес өткізіліп тұрады. Олардың нәтижелеріне қарай тиісті спорттық атақтар мен дәрежелер беріледі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әскери-Техникалық Спорт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}