Әскен Нәбиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әскен Нәбиев - 1923 жылы 13 желтоқсанда Ақмола облысы, Алексеев ауданында туған. 1941 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылдың желтоқсанында майданға аттанды. 62-ші армия құрамында Сталинград үшін ұрыстарға қатысқан. Ауыр жарақаттанған.

Еңбек жолы

Әскерден қайтқаннан кейін мектепте мұғалім, Макинск аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып істейді. 1947 жылы журналистік қызметке ауысады. Облыстық және өлкелік газет редакцияларында әдеби қызметкер, меншікті тілші және бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының Целиноград облыстық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі қызметін атқарған. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

Шығармалары

Мұрагер. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Очерктер. А., ҚМКӘБ, 1962; Гүлза. Повесть. А.,ҚМКӘБ, 1965; Шолпан. Повесть. А., «Жазушы», 1977; Бел-белестер.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}