Әсия Әйіпқызы Беркенова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әсия Әйіпқызы Бергенова (22.4.1950 жылы туған, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Ноғайкөл) ауылы - айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны (1990).

Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1972). 1972 - 1997 жылдары Наурызым, Әулиекөл аудандарында мектепте мұғалім болып жүмыс істеген. 1997 жылдан Қостанай қаласындағы Мемлекеттік тілді жеделдете үйрету орталығында қызмет істейді. Әр жылдары республикалық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алған. Республикада тұңғыш рет өткізілген қыздар мен жігіттер айтысында Ақын Сара атындағы жүлденің иегері атанды. Қазақстан-Өзбекстан ақындар айтысының бас жүлдегері (1992).<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті