Әсия Қалиқызы Сүлеева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әсия Қалиқызы Сүлеева (1.3. 1950 ж.т., Жамбыл облысы Қордай ауданы Георгиевка а.) - кинорежиссер. 1975 ж. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. Мектепте оқып жүрген кезінде "Қазақфильм" киностудиясы жанындағы актерлік студияда оқыды. 1975 жылдан "Қазақфильм" киностудиясында реж. қызметпен айналысады. Ол "Кәмшат" (1975), "Жіптер" (1977), "Орынбасар әндері" (1982), "Атамекен" (1993), "Бекет-Ата" (2000) деректі фильмдерінің, "Ауылым Ала- таудың баурайында" (1986, бірқатар халықаралық кинофестивальдардың жеңімпазы), "Бақыт іздеушілер" (1994 95), "Сиқырлы демеуші" (2001), т.б. көркем фильмдердің реж., сондайақ, бірнеше деректі, мультфильм сценарийлерінің авторы. 1998 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер академиясында педагогикалық қызметпен шұғылданады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}