Әсия Бозайқызы Абылаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әсия Бозайқызы Абылаева(1938 жылы туған), актриса, ҚазКСР-інің халық артисі, 1990; ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артисі, 1975; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетін (1961) бітірген. 1964-1991 ж. С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының артисі. Абылаева Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш—Баян сұлуында» — Баян сұлу, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Қарагөзінде» — Қаракөз, Т. Ахтановтың «Сәулесінде» — Сәуле, Д. Исабековтің «Әпкесінде» — Қамажай, Э. Еврипидтің «Медеясында» — Медея, Шекспирдің «Макбетінде» — леди Макбет сынды рөлдерді сомдаған. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1982).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}