Әсия Абылаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әсия Абылаева (4.1.1938 жылы туған, Алматы облысы Сарқант ауданы, Лепсі станциясы) — актер, Қазақстанның халық артисі (1990). Қазақ мемлекеттік консерваториясын бітірген (1961). С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облысы қазақ драма театрының белгілі актрисасы. Қарагөз (М.Әуезовтің "Қарагөзінде"), Баян, Ұлпан (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы-Көрпеш — Баян сұлуында", "Ұлпанында"), Шұға (Б.Майлиннің "Шұғасында"), Анар (О.Бөкеевтің "Құлыным меніңінде"), Алтынай (Ш. Айтматовтың "Алғашқы мұғалімінде"), Таңқабике (М.Көрімнің "Ай тұтылған түнінде"), Қыз (Назым Хикметтің "Елеусіз қалған есіл ерінде"), Катарина, Леди Макбет (Шекспирдің "Асауға — тұсауы" мен "Мақбетінде"), Медея (Еврипидтің "Медеясында") тұлғаларын сахнаға шығарды.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub