Әсима Нарбекқызы Дәуренбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әсима Нарбекқызы Дәуренбекова (24 қыркүйекте 1955 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауданы) – экономика ғылымдарының докторы (2007), профессор (2008). Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (1977) бітірген. Шымкент қаласы «Эластик» бірлестігінде (1977–78), Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында ассистент (1978–81), Алматы халық шаруашылық институтының аспирантурасында оқыды (1981–84), қазіргі Қазақ экономикалық университетінде доцент (1998–2007), 2007 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. «Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтеру: генезис, басымдылықтар және жүзеге асырудың экономикалық механизмі» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғаған. Дәуренбекованың 70-тен астам ғылыми еңбегі, 1 монографиясы жарық көрген.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}