Әсел Иманғалиқызы Мәмбетова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Әсел Иманғалиқызы Мәмбетова (9 тамыз, 1959 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақжайнақ кентінде туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (1994). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті.

Толығырақ

Шығырмашылығы

Келесі спектакльдерде ойнайды: Ә. Әбішевтың «Мәди» (Ділдар), У. Шекспирдің «Жазғы түндегі түс» (Гермия), А.П. Чөховтың «Чайка» (Нина Заречная), Ф. Оңғарсынованың «Бақыт пен қайғы» (Ақынқыз), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек»(Гүлбаршын),С.Асылбековтың «Рабиғаның махаббаты» (Роза); I. Жансүгіровтың «Исатай-Махамбет», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (Күнікей) және басқа спектакльдер.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1994 жылы "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лаурөаты
  • 2001 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған
  • 2009 жылы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
  • 2009 жылдан доцент
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталды.

Жеке қасиеттері

  • Діни көзқарасы - ислам.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мен Қазақстанның келешегі жарқын және еркін болатынына сенемін».
  • Хоббиі - поэзия, музыка және вокал, автомобиль жүргізу, жүзу.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақ, орыс және әлемдік әдебиет, драматургиялық шығармалар. ¥лы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub