Әрін Әміре

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін

Өмірі мен шығармашылық жолы

Әрін Әміре - 1957 жылы 21 тамызда Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған), Қаратал ауданындағы Дөңши ауылында туған. Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 1978 жылы Қаратал аудандық газетінде тілші, редактордың орынбасары, 1988 жылы Талдықорған облыстық «Жерұйық» газетінде аға тілші болып жұмыс істеген. 1992 жылы Қаратал аудандық әкімшілігінде әкімнің орынбасары, 1996 жылы республикалық мемлекеттік «Спорт» газеті Бас редакторының орынбасары, жауапты хатшы, 1998–2000 жж. Алматы облысы Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек еткен. 2000 жылдан бері Алматы облыстық «Жетісу» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады. Ақынның «Тамызық» атты жыр жинағы жарық көрген (2004). «Тылсым тыныс» (1999), «Кенен жерім – Көксуым» (2004) сияқты прозалық, публицистикалық жинақтардың авторы. 2006 жылы «Ауғанның отжалыны» зерттеу кітабы, 2007 жылы «Маздақ» жыр жинағы мен «Томирис» әңгімелер жинағы жарық көрген. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енген. 1997 жылы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықты, 1998 жылы «Қазақстан Республикасы Спортына еңбегі сіңген қызметкер» атағын алған, 2003 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, ҚР Құрметті журналисі (2009), Елбасының Алғыс хатымен марапатталған. Қаратал ауданының Құрметті азаматы.

Дереккөздер

  1. http://adebiportal.kz/authors/r-n-m-re/