Әрбір үйде мереке (деректі фильм)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Әрбір үйде мереке" (деректі фильм) -"Қазақтелефильм" студиясының 7 бөлімді, түрлі түсті көркемсуретті фильмі (1987).<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Фильм қырғыз драматургі М.Байджиевтің пьесасының желісі негізінде жасалынған. Махаббат тақырыбына құрылған бұл телетуындының оқиғасы кезекті бір жаңа жылдың қарсаңындағы қызықты да қарбалас тірліктер, мерекелік дастарқан басындағы салтанатты отырыстар турасындағы сюжеттерге құрылған. Түсірілімдер негізінен түнде жасалған. Алуан түсті самала шамдардың шаттық ұсынып тұрғанына қарама-қайшы махаббат сәтсіздігі турасындағы оқиға желісі баяндалады. Пәктік пен зұлымдықтын, сүйіспеншілік пен опасыздықтың арпалысы көркем кинотілмен шебер баяндалады. Режиссері - Р.Әлпиев.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}