Әпке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әпке - бірге туған, туысқан қыздардың жас жағынан үлкеніне катысты туыстық атау. Дәстүрлі ортада қыздар туыстық жағынан іні-сіңлісіне әпке, ағасына қарындас, әпкесіне сіңлі болады. Кейбір жергілікті тілдік ерекшеліктерге байланысты әпке сөзінің орнына әпеке, әпше, тәте, aпa деген атаулар да колданылады.

Сондай-ақ, әпке сөзі ауызекі тілде өзінен жасы үлкен қыздар мен әйелдердің, туыстық қатынасы ескерілмей-ақ, назарын аударту үшін құрметпен айтылатын қаратпа сөз ретінде жиі қолданылады. Туыстас қыздардың балалары бір-біріне бөле болады. Қазақтың туысқандық қарым-қатынасында қыздар ұрпағы жиен, жиеншар болып келеді. Халық дәстүрі бойынша нағашыға жиен батым келеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әпке|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}