Әнуари

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ӘНУАРИ, Оуһәуеддин Мұхаммед ибн Әнвари (т.ж.б. – 1187) – 12 ғасырда өмір сүрген парсы ақыны. Әдебиет, ислам, философия, математика, медицина, астрономия бойынша терең білім алып, Ибн-Синаның дүние танымына еліктеп, оны рухани жауларынан қорғауға бар күш-жігерін сала әрекет еткен. Салжұқтардың соңғы билеушісі сұлтан Санжарды өз өлеңдерінде мадақтап жырға қосқан. Ол қасида және газел жанрында айрықша дарынды екендігін өз ортасында мойындата білген. Ә. өз замандастарынан қалыспай көне Таразды тілге тиек ету дәстүрін жалғастырған ақындардың бірінен саналады. Тараздың сұлу қыздарын жырға қосты. Оның жырларында Тараз аруларының қара қасы, қолаң шашы, мойыл (қарақат) көздері түн ортасы кезіндегі қою қараңғылықпен салыстырыла суреттелген.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}