Әнуарбек Ғалымжанұлы Аманқұлов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әнуарбек Ғалымжанұлы Аманқұлов 1979 жылы 12 мамырда Гурьев қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Аманқұлов Ғалымжан Рахметұлы. Анасы - Аманқұлова Зәрипа Апдашқызы. X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін бітірген (2000), дене тәрбиесі сабағының мүғалімі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан бері).
- 1997-2006 жылдары - ШҰКД және ОР жанындағы таэквондодан ҚР Ұлттық құрамасының құрамында болған.
- 2000-2006 жылдары - №1 ОРМСМ (Атырау қ.) таэквондо бөлімшесінің спортшы-нұсқаушысы болған.
- 2007 жылдан бері - №1 ОРМСМ жанындағы таэквондо бөлімшесінің жаттықтырушысы, «ҚР Таэквондо федерациясы» АҚҰ Атырау облыстық бөлімшесінің спортшы-нүсқаушысы.
- ҚР 10 мәрте чемпионы;
- ҚР Кубогының 9 мәрте жеңімпазы;
- Азия ойындарының қола жүлдегері (Таиланд, 1999);
- ҚР Спартакиадасы мен Универсиадасының жеңімпазы;
- Халықаралық жарыстар жүлдегері (Румыния; Германия);
- Шығысазиялық ойындардың күміс жүлдегері (Сауд Арабиясы).
- Әлем чемпионаттары мен кубоктарының қатысушысы.
- Халықаралық кластағы спорт шебері (1999).
- Таэквондодан қара белбеу, 2 дан иегері.
- Туризм және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Атырау облыстық әкімшілігінің грамоталарымен марапатталған.
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Елдің экономикалық және саяси тұрақтылығы».
- Хоббиі - футбол.
- Бойдақ.
<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>