Әнуарбек Мамырұлы Сағитов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әнуарбек Мамырұлы Сағитов 1948 жылы 19 мамырда РКФСР Омбы облысы Азов ауданындағы Шонай ауылында туған. Ленин орденді С.М. Киров атындағы Омбы ауылшаруашылық институтын (1972) зоотехник мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебін (1984) саясаттанушы мамандығы бойынша; Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін (2005) агроном мамандығы бойынша бітірген. 1966 жылдан - РКФСР Омбы облысы Марьяновск ауданындағы Новоазовск кеңшарында 8 жылдық мектептің мұғалімі. 1968 жылдан - С.М. Киров атындағы Омбы Ленин орденді Ауыл шаруашылығы институтының студенті. 1972 жылдан - Көкшетау облысы Ленинград ауданындағы Қызылту кеңшарында бас зоотехник. 1976 жылдан - Қазақстан Компартиясының Көкшетау облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінде нұсқаушы. 1979 жылдан - Қазақстан Компартиясының Көкшетау облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1982 жылдан - КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің №47 жылқы зауытының директоры. 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Көкшетау обкомының Рузаев аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы Көкшетау обкомының Рузаев аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1992 жылдан - Көкшетау облысы Рузаев ауданының әкімі. 1997 жылдан - Көкшетау облысындағы Уәлиханов ауданының әкімі. 2002 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның әкімі. 2004 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі. 2005 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасының бастығы. 2005 жылдан бері - Ақмола облысының Табиғи ресурс- тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы. «Құрмет белгісі» (1980), Еңбек Қызыл Ту (1986), «Құрмет» (2003) ордендерімен; КСРО 6 медалімен, «Еңбек ардагері» (1991), 2-ші дәрежелі «Шекара Әскері үздігі» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астана» (2002), «Тыңға 50 жыл» (2005), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; ҚР Құрмет грамотасымен (1997) марапатталған. Солтүстік Қазақстан облысы Ш. Уәлиханов атындағы ауданының Құрметті азаматы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub